Новости
Posted in

Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды

Posted in

1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталады. Биылғы іріктеудің басты жаңалығы — үміткерлерге арналған квотаның әр түрлі сала бойынша жеке бөлінуі. Бұған дейін 60 мыңнан астам жас өз бағын сынап көрсе, соның тек 400-і резервке өткен. Бүгінде олардың 80 пайызы түрлі салаларда жауапты қызметтер атқарып жүр. Бұл жоба биыл төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Іріктеу алты кезеңнен тұрады, ал құжаттар онлайн форматта қабылданады. Тіркелу кезінде үміткерлер алты бағыттың бірін таңдайды. Қорытындысында комиссия шешімімен 50 үздік жас кадрлық резервке енеді.

ТАЛАПТАР:

35 ЖАСТАН АСПАҒАН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ;
ЖОҒАРЫ БІЛІМІ БАР;
МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ B1-ден ТӨМЕН ЕМЕС ДЕҢГЕЙДЕ МЕҢГЕРГЕН;
ЖҰМЫС ӨТІЛІ 5 ЖЫЛДАН КЕМ ЕМЕС.

МЕРЗІМІ:

ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДР РЕЗЕРВІНДЕ БОЛУ МЕРЗІМІ — 3 жыл.

Оставить отзыв