«Құрметті кенші» төсбелгісі

«Құрметті кенші» төсбелгісімен тау-кен өнеркәсібі саласын дамыту проблемалары бойынша зерттеулер мен әзірлемелер, жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізу жетістіктері, кәсіпорындағы аварияларды жою кезінде көрсеткен бастамашылығы мен ерлігі, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері, білікті кадрларды даярлауға белсене қатысқаны үшін тау-кен өнеркәсібі және шахта құрылысының қызметкерлері марапатталады. Тау-кен өнеркәсібін және шахта құрылысын дамытуда белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларында өз қызметін жүзеге асыратын қызметкерлер марапатталады.

«Құрметті кенші» төсбелгісі бұрын «Кенші даңқы» салалық төсбелгілерінің үш дәрежесімен марапатталғандарға, сондай-ақ салада кемінде 20 жыл, ал еңбектің зиянды жағдайында кемінде 15 жыл жұмыс істеген сала қызметкерлеріне беріледі.

«Құрметті кенші» төсбелгісі өлшемі тігінен 42 мм және көлденеңінен 38 мм сопақ түрінде жез қорытпасынан жасалады.

Төсбелгінің беткі жағында жоғары бөлігінде көгілдір таспада «ҚҰРМЕТТІ КЕНШІ» деген шығыңқы жазу орналастырылған. Төменгі бөлігінде лавр гүлтәжі және символ мәнді, айқастырылған балға мен ажыратқыш кілт орналастырылған.

Төсбелгінің орталық бөлігінде копер мен үш террикон аясында тау жынысы кесегін ұстап тұрған кеншінің қолы бейнеленген. Төсбелгінің артқы жағында тіркеу нөмірі орналастырылған.

Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.