Новости
Posted in

«Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинар басталды

Posted in

Астана қаласында «Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинар басталды. Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Шерхан Талап семинардың мән-маңызына тоқталып, іс-шараны жүргізіп отырды. Ең әуелі мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері туралы Назарбаев университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі Қазақ тілі және түркітану департаментінің ассистент профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Жазира Ағабекова баяндады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ici комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған жұмыстарға тоқталды. 

Белгілі ақын, «Көк тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған Алмас Ахметбекұлы патриотизм және мемлекеттік рәміздерді насихаттау жайында ой қозғады. Геральдикалық зерттеулер орталығы Ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің басшысы Әділхайыр Мырзаханов өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары хақында біраз ақпарат айтты. Өз кезегінде Геральдикалық зерттеулер орталығы Ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің бас сарапшысы Сұлтан Оразаев халықаралық тәжірибедегі өңірлік геральдика жайлы әңгімеледі. Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы мониторинг және талдау бөлімінің әдіскері Майра Бегімханова өңірлік нышанды бекітуге қатысты тәжірибесін бөлісті. Басқа да қатысушылар қозғалған тақырыптар бойынша ойларын ортаға салды. 

Республикалық семинарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру.

Семинар ертең ҚР Ұлттық музейінде жалғасын табады. 

Оставить отзыв