Новости

Спорт академиясында мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы семинар өтті

Бүгін Геральдикалық зерттеулер орталығы Астанадағы спорт академиясы студенттеріне дәріс өткізді. Дәрісте болашақ спортшыларға рәміздердің тарихы баяндалып, пайдалану тәртібі айтылды. Сондай-ақ, студенттер орталықтың негізгі міндеттерімен танысты.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық бірегейлікті қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру. Студенттердің патриоттық сезімін оятып, рух беру.
Айта кетейік, Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырған бұл дәріс «Менің Қазақстаным» акциясы аясында өтіп жатыр. Ол жас ұрпақты отансүйгіштікке баулуды көздейді. Қазіргі кезде семинар бірнеше мектеп пен жоғары оқу орындарында жалғасын табуда.

Оставить отзыв