Бүгін Астана қаласында ойшыл, түркі әлемінің көрнекті тұлғасы Жүсіп Баласағұнның туғанына 1005 жыл толуына орай ғылыми дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының» бастамасымен ұйымдастырылды. Жиын барысында ғалымдар мен мәдениет саласының мамандары Жүсіп Баласағұнның мұрасын жан-жақты талқылап, оның «Құтты білік» еңбегіндегі рухани, саяси және әлеуметтік көзқарастары жайлы айтты. Сондай-ақ мұнда ойшылдың еңбектерінде […]
Метка: Астана
Геральдикалық зерттеулер орталығы астаналық оқушыларға арнайы семинар өткізді
«Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында Астана қаласындағы Ә. Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға арналған семинар ұйымдастырды. Семинар мақсаты – мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен олардың маңызын түсіндіріп, оқушыларды отаншылдыққа баулу. Іс-шара барысында қатысушылар «Геральдикалық зерттеулер орталығының» қызметімен танысып, рәміздерді пайдалану тәртібі мен заңнамада көзделген жауапкершілік түрлері туралы маңызды ақпарат алды. […]
Жаңа маусымда «Астана Опера» театры бірнеше премьера ұсынады
2025 жылы «Астана Опера» театры көрермендерін мазмұнды бағдарламамен қуантпақ. Жоспарда төрт премьера бар. Жыл Ролан Петидің балет премьерасымен ашылады. Бағдарламаға әйгілі француз хореографының үш үздік туындысы «Кармен», «Арлезианка» және «Бозбала және өлім» енген. Бұл драматургия мен айқын экспрессияға толы туындылар әлемдік балетте ерекше орын алады. Көптен күткен оқиғалардың бірі – Петр Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінің […]
Туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 27,3%-ға артты: 2024 жылғы 11 айдың қорытындысы
2024 жылдың 11 айында елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 777,4 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 27,3%-ға көп (610,2 млрд теңге). 🔷Инвестициялар көлемінің өсуі 12 өңірде байқалды, көш бастап тұрған өңірлер: 🔺Маңғыстау облысы – 124,5%-ға өсті;🔺Астана қаласы – 102,5%-ға өсті;🔺Батыс Қазақстан облысы – 102%-ға өсті;🔺Атырау облысы – 96%-ға […]
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы Еуразия ұлттық университетінің студенттері мен магистранттарына және докторанттарына арналған 2656 орындық жаңа жатақхананы аралап көрді. Мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде салынған Студенттер үйі үш заманауи блоктан тұрады. Олардың әрқайсысы студенттердің жайлы тұрмысы мен білім алуына мүмкіндік беретін коворкинг аймақтармен, кітапханалармен, спорттық және коммерциялық орындармен жабдықталған. Жатақхана құрылысында ерекше қажеттілігі бар студенттердің де талап-тілегі ескерілген. Оның […]
Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті
Астанада Отбасын қолдау орталықтары мен қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар қызметі бойынша 2024 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты. Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 65 Отбасын қолдау орталығы (ОҚО) жұмыс істейді. […]