Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы «UAE SWAT Challenge-2026» халықаралық жарысында үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық командаларды құттықтады.
Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A жалпы есепте екінші орынды иеленді.
Президент Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық және жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейін, сонымен қатар сарбаздардың отаншыл рухы мен жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті.
Сонымен қатар мемлекет басшысы 48 елден 109 команда қатысқан жарыста ел намысын абыроймен қорғаған арнайы жасақ жауынгерлеріне тиісті құрмет көрсетілетінін айтты.
Байрақты бәсекеге Kazakhstan A, Kazakhstan B, Kazakhstan C, Kazakhstan D командалары және Kazakhstan Tomiris әйелдер құрамасы қатысты.
