Бұл күн – табиғат түлеп, тіршілік жаңарып, жаңа бастамаларға жол ашатын ерекше мереке. Жаңару күні – өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға, тың идеялар мен игі істерге бастайтын маңызды кезең. Осы мереке аясында әрқайсымыз қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғатты аялауға, қоғамға пайдалы іс жасауға ұмтылуымыз қажет. Бұл – ортақ үйіміздің көркеюіне қосылған үлкен үлес. Сіздерге […]
18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен тарихының айнасы, ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Әрбір ою-өрнек ұлттың болмысын, рухани құндылықтарын айқындайды. Бүгінгі күн – сол құндылықтарды ұлықтап, ұлттық болмысымызды дәріптейтін ерекше мереке. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс тілейміз! Ұлттық дәстүріміз әрдайым жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті
Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты. Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға […]
Қазақстан Туы – әлемдегі ең үздік Ту
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы халықаралық Flags of the World Tournament байқауында І орынды иеленді. Бұл – әлемдегі ең ірі медиаплатформалардың бірі Reddit қолданушылары қатысқан онлайн-турнир. Дауыс беру қорытындысы бойынша көк Туымыз әлемдегі ең үздік Ту деп танылды. Финалда Қазақстан мен Кирибати Тулары бақ сынап, нәтижесінде еліміздің Туы жеңіске жетті. Жоба авторлары байқауды ұйымдастыру көп уақытты, […]
17 наурыз – Шаңырақ күні
Шаңырақ – бірліктің, берекенің және отбасы құндылықтарының қасиетті нышаны. Бұл күн – халқымыздың ынтымағы мен татулығын, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлердің өміршеңдігін дәріптейтін ерекше мереке. Қазақ үшін шаңырақ – тек баспана ғана емес, ол – тұтастықтың, рухани байланыс пен сенімнің белгісі. Әрбір шаңырақтың берік болуы – елдің қуаты мен тұрақтылығының көрінісі. Осынау мәні терең мерекеде шаңырақтарыңыз […]
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарын, бай мәдени мұрасын және ата-бабадан аманат болып жеткен салт-дәстүрлерін дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық мәдениет пен дәстүр – ұлттың болмысын айқындайтын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл қазына. Осы мерейлі күнде баршаңызға зор денсаулық, амандық, шығармашылық табыс тілейміз! Ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз мәңгі жасап, ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығына айнала […]
Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандары азық-түлік қораптарын таратты
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары азық-түлік қораптарын таратты. Әрбір игі іс, әрбір шынайы көмек адамдардың өміріне үміт сыйлап, қоғамдағы ізгілік пен сенімді арттыра түсетіні анық. Қайырымдылық күні – адамдарды бір-біріне көмек көрсетуге, мейірімділік пен жанашырлық танытуға үндейтін ерекше күн.
15 наурыз – Қайырымдылық күні
Баршаңызды Қайырымдылық күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар асыл қасиет, адамгершілік пен ізгіліктің жарқын көрінісі. Бұл күн – мейірімділік танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке. Осы игі мереке мейірім мен береке әкелсін!
Мемлекеттік Туды Миланда желбіретті
Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ербол Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Жарыста қара үзген жеңімпаз украиналық Тарас Радты, қытайлық Цзысюй Люді шаң қаптырды. Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов […]
14 наурыз – Көрісу күні
Көрісу күні құтты болсын! Баршаңызды қазақ халқының ежелгі дәстүрі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өткен өкпе-реніштерін ұмытып, ақ тілектерін арнайды. Көрісу – татулықтың, сыйластықтың және адамгершіліктің белгісі. Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, бірлігіміз нығая берсін! Көрісу күні құтты […]
