Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жетісу облысында елдік рухты асқақтатқан ауқымды шара ұйымдастырылды. Тәуелсіздіктің 35 жылдығына арналған «35 ауылдық округ – 35 Ту тұғыры» патриоттық акциясы аясында облыстың аудан-қалаларындағы 35 ауылдық округте жаңа ту тұғырлары салтанатты түрде ашылды. «Тәуелсіздіктің 35 жылдығына – 35 Ту тұғыры» бастамасы азаттықтың әр жылына тағзым жасап, Мемлекеттік Туға деген құрметтің нақты […]
МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен, Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер мен Конституция: құқықтық мемлекет пен ұлттық рухтың сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов ашып, мемлекеттік […]
Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлын мерекеге орай арнайы барып құттықтады.
Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет төрағасы А. Құрманова, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы А. Ахметбекұлы, басқарма басшысы Г. Аргенова және орталық директорының м.а. Ә. Мырзаханов Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын құттықтады. Жүздесу барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталып, мемлекетіміздің басты нышандарын дамытуға […]
Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне арналған архив құжаттары көрмесі өтті
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен және Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен 1–4 маусым аралығында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер: тарих пен тағылым» атты архив құжаттары көрмесі өтті. Көрменің негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. […]
Мемлекеттік рәміздер күні дүниеге келген нәрестелер мен олардың аналары құттықталды
Мемлекеттік рәміздер күніне орай Геральдикалық зерттеулер орталығы дәстүрлі түрде мереке күні дүниеге келген нәрестелер мен олардың аналарын құттықтады. Мәні зор бұл шараның мақсаты – мемлекеттік рәміздерімізге құрмет көрсету, сондай-ақ отбасылық құндылықтар мен жаңа өмірдің бастауын ел үшін айтулы күнмен сабақтастыру. Іс-шара Астана қаласындағы «№2 көпбейінді қалалық аурухана» ШЖҚ МКК перзентханасында өтті. Мерекелік шараға танымал әншісі, […]
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай баршаңызды тағзым етуге шақырамыз. Бұл – халқымыздың тарихындағы ең ауыр, қасіретті кезеңдердің бірін еске түсіретін күн. ХХ ғасырдың зұлмат жылдарында жазықсыз жандар қуғын-сүргінге ұшырап, талай тағдыр тәлкекке түсті. Алаш арыстары бастаған ұлт зиялыларының еңбегі мен ерлігі бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізіне айналды. Біз өткеннің қайғысын […]
Құрбан айт – құтты мереке!
Барша мұсылман үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке мейірім мен шапағаттың, ізгілік пен жомарттықтың қазығы болып табылады, қоғамның рухани-адамгершілік негізін нығайтуға ықпал етеді. Құрбан айт жүректеріңізге жарқын үміт ұялатып, ертеңгі күнге деген сенімдеріңізді нығайта түссін. Әр отбасына амандық, береке-бірлік, мол бақыт, бейбіт өмір және кең өріс тілейміз!
«Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады
Дәстүрлі өнерді дәріптеп жүрген өнерпаздарға «Асыл мұра» ұлттық сыйлығы тағайындалады. Бұл туралы Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. — Бұдан бөлек, дәстүрлі өнерді, әсіресе жыр, терме, күй өнерін дамытуға ерекше мән беруміз керек. Төл өркениетіміздің осындай теңдессіз қазыналарын дәріптеп жүрген өнер адамдарына қолдау көрсету маңызды. Осы орайда мен «Асыл […]
Президент атынан ақын Жадыра Дәрібаеваға мемлекеттік награда табысталды
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі Жадыра Дәрібаева «Парасат» орденімен марапатталды. Мемлекеттік награда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен отандық әдебиет пен мәдениеттің дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін берілді. Ақынды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары Шерхан Талап құттықтап, оның қазақ әдебиетінің дамуына, […]
Мәдениет саласының үздіктері марапатталды
Президент, ең алдымен, салтанатты іс-шараға қатысушыларды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен құттықтады. – Бұл – еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке. Мәдениет – халқымыздың ұлттық болмысы мен рухани дербестігінің арқауы екенін бәріміз жақсы білеміз. Мәдени және рухани дүниесін сақтай білген елдің мәртебесі биік, мерейі үстем болары айқын. Сіздер осы игі мақсат жолында табанды жұмыс істеп келесіздер. […]
