31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай баршаңызды тағзым етуге шақырамыз.
Бұл – халқымыздың тарихындағы ең ауыр, қасіретті кезеңдердің бірін еске түсіретін күн. ХХ ғасырдың зұлмат жылдарында жазықсыз жандар қуғын-сүргінге ұшырап, талай тағдыр тәлкекке түсті. Алаш арыстары бастаған ұлт зиялыларының еңбегі мен ерлігі бүгінгі тәуелсіздігіміздің негізіне айналды.
Біз өткеннің қайғысын ұмытпай, әділетсіздік құрбандарының рухына бас иеміз. Олардың есімін ұлықтау – кейінгі ұрпақтың парызы. Тарих тағылымы бізді бірлікке, әділдікке және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейді.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
