«Менің Қазақстаным» әні осыдан 70 жылбұрын, яғни, 1956 жылы жазылған. Бұл уақытта ән жанрының майталманы, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқов та, көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Жұмекен Нәжімеденов те Құрманғазы атындағы консерваторияның студенттері болатын. Әйгілі ән сол уақыттан бастап ел арасына кеңінен тарап, тыңдарманның жоғары бағасын алды. Елдің рухын оятты, көпшілікті отансүйгіштікке, ел мен жер қадірін білугешақырды. Жастар жарыса орындап, жүректеріне ұлтжандылықты берік орнатты. Қажет тұсында осы әнмен кеуделеріндегі толқынысты, күрсіністі сыртқа […]
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл мереке – еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен сенімнің айқын көрінісі. Көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағы – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етуде. Бірлік пен бейбітшілік – еліміздің тұрақты […]
Президент атынан мемлекеттік наградалар табысталды
Астанада ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан музыкалық білім беру саласында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады. Марапаттау рәсімінде Аида Балаева әрбір маманның адал еңбегі ел дамуына қосылған маңызды үлес екенін атап өтті. «Мемлекет басшысы әрдайым еңбек адамына ерекше көңіл бөледі. Бүгінгі жетістіктеріңіз бен […]
Президент Чехия Премьер-министрін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке бұл мемлекеттік награда Чехия мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін табысталғанын айтты. – Сіз Қазақстанның сенімді досы әрі халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткерісіз. Екіжақты қарым-қатынасты табысты дамытуға бағытталған сындарлы ұстанымыңызды жоғары бағалаймын. Сіз өзара ықпалдастықты ілгерілету жолында аянбай еңбек етіп келесіз, сол себепті байланыстарымыздың келешегіне сеніммен қараймыз. […]
Қарағандыдағы семинар мемлекеттік рәміздерге арналды
29 сәуір күні Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың әдістері мен формалары» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинар барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова, Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Әділхайыр Мырзаханов және Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Cұлтан Оразаев облыстық […]
Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы өтті
27 сәуір күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы өтті. Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова бірыңғай жаңа, атауы өзгеріске ұшыраған, сондай-ақ бірдей эскиздегі ведомстволық наградалар және «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағы […]
26 сәуір – Мемлекеттік Елтаңбаның авторы Шот-Аман Уәлихановтың туған күні
«Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Мемлекеттік Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлиханов – қазақ халқының рухани болмысы мен тарихи санасын айшықтаған тұлға. Ол тәуелсіз еліміздің басты нышандарының бірі – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы. Елтаңбадағы әрбір бейне – халқымыздың өткені мен бүгіні, болашаққа деген сенімінің көрінісі. Бұл – Шот-Аман Уәлихановтың көрегенділігі мен талантының айғағы. Шот-Аман Уәлихановты әрдайым құрметпен […]
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде семинар өтті
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде «Рәміздерге құрмет» акциясы аясында семинар өтті. Семинардың басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Осы іс-шараға жоғары оқу орнының профессор-оқытушылары мен білім алушылары қатысты.Қазақстан Республикасы Ұлттық қорғаныс университеті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары – басқарма бастығы, полковник Болат Оспанбеков іс-шараның […]
Елордада қолжазба мұраны насихаттауға бағытталған жаңа жобалар таныстырылды
Ұлттық кітап күніне орай Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Шетелдік қорлардағы құнды жазба мұралар» каталог-альбомының II томының таныстырылымы өтті. Жинақта қазақ, араб, парсы, шағатай және түркі тілдеріндегі 72 қолжазба мен сирек басылымның библиографиялық сипаттамасы берілген. Материалдар ғылыми археографиялық экспедициялар мен шетелдік қорларда жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған. Сондай-ақ, «Ұлы даланың жазба мұралары» атты тұрақты […]
23 сәуір – Ұлттық кітап күні
Кітап – адамзаттың баға жетпес қазынасы, руханият пен білімнің қайнар көзі. Бұл күн әрқайсымызды кітап оқуға, жаңа идеялар мен терең ойларға қол жеткізуге шақырады. Кітап – тек ақпарат көзі ғана емес, ол адамды ойлау қабілетін арттыруға, қиялын кеңейтуге, өмірлік тәжірибе мен даналыққа жетелейді. Ұлттық кітап күні – бұл оқырман мен кітап арасындағы байланысты нығайтып, оқуға […]
