Жаңалықтар

«Оян» бағдарламасында – Геральдиканың өткені мен бүгіні

«Хабар» телеарнасындағы «Оян» бағдарламасына Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Сұлтан Оразаев сұхбат берді. Cұхбатта көне таңбалар, геральдикалық белгілер туралы әңгіме өрбіді. Сондай-ақ қазақ даласындағы геральдиканың қалай пайда болғаны жайында айтылып, оның бүгінгі жай-күйі хақында сөз қозғалды. Сұлтан Берікұлы мемлекеттік рәміздердегі геральдикалық элементтерге тоқталды.

Толығырқ «Оян» бағдарламасында – Геральдиканың өткені мен бүгіні 1 мин оқу үшін

Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды

Миллиондаған оқырманы бар қытайлық блогер, Kazakh Tourism амбассадоры Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды. Жоғары мемлекеттік награданы оған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыстады. Марапат Тао Минсюдің Қытай медиакеңістігінде Қазақстанды танытуға, оның мәдени мұрасы мен туристік әлеуетін насихаттауға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы гуманитарлық байланыстарды […]

Толығырқ Тао Минсю Мемлекет басшысының атынан ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды 1 мин оқу үшін

Шерхан ТАЛАП: «Рәміздер – мемлекеттің ресми белгілері ғана емес, халықты ортақ құндылықтардың төңірегіне топтастыратын ең асыл байлығымыз»

«Жұлдыз» журналына «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – МӘДЕНИЕТ АРҚЫЛЫ ОРНЫҒАТЫН ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Шерхан Талаппен сұхбат жарияланды. Сұхбаттың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз. – Шерхан Талапұлы, бабаларымыздың дүниета­ны­мында байрақ жай ғана елдің бөгенайлы белгісі емес, еркіндіктің ерекше нышаны болды. Байрақ жығылса – елдің еңсесі түсіп, ал ту тігілсе халықтың рухы көтерілген. Демек, байрақ […]

Толығырқ Шерхан ТАЛАП: «Рәміздер – мемлекеттің ресми белгілері ғана емес, халықты ортақ құндылықтардың төңірегіне топтастыратын ең асыл байлығымыз» 1 мин оқу үшін

Алматыда «Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейінде «Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесінің ашылуы өтті. Көрме – «Таңбалы» музей-қорығы мен фотосуретші Владислав Кимнің бірлескен жобасы. Экспозиция Таңбалы петроглифтерін заманауи өнер мен цифрлық технологиялар арқылы жаңа қырынан таныстыруды мақсат етеді. Жобаның басты ұстанымы – аутенттілікті сақтау және түпнұсқаны қорғау. Көрменің ашылуына Алматыдағы ЮНЕСКО-ның өңірлік өкілдері, жартас […]

Толығырқ Алматыда «Таңбалы: Бабалар коды» халықаралық көрмесі ашылды 1 мин оқу үшін

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовқа арналған музыкалық инсталляция орнатылды

Астана қаласындағы Шәмші Қалдаяқов көшесінде даңқты композитордың мұрасына тағзым ретінде «Шәмші әлемі» атты музыкалық инсталляция орнатылды. Шәмші Қалдаяқов көшесі – Астананың ең танымал әрі көрікті көшелерінің бірі. Бұл музыкалық инсталляцияда композитордың ғұмыр жолы мен аңызға айналған әндерінің әуені енгізілген. Астана аспанында қалықтаған Шәмші әндері қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше әсерге бөлеуде. Бұл ән өнеріне, қазақ […]

Толығырқ Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовқа арналған музыкалық инсталляция орнатылды 1 мин оқу үшін

Геральдикалық зерттеулер орталығына – 5 жыл!

Биыл – Геральдикалық зерттеулер орталығы үшін мерейлі белес. Орталықтың құрылғанына 5 жыл толып отыр. 2021 жылы 31 наурызда өз жұмысын бастаған бұл мекеме ұлттық рәміздерді зерттеу, насихаттау жолында жүйелі әрі нәтижелі қызмет атқарып келеді. Осы уақытқа дейін Геральдикалық зерттеулер орталығын Әлібек Асқаров, Асылбек Байжұма, Қалқаман Сарин сынды белгілі тұлғалар басқарды. Бүгінгі таңда ұжымға Шерхан Талап […]

Толығырқ Геральдикалық зерттеулер орталығына – 5 жыл! 1 мин оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды

Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді. – Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік […]

Толығырқ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды 1 мин оқу үшін

Бүгін – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлының туған күні

1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін дайындауға жұмыс тобы құрылғандығы және елтаңба, ту, әнұран жобаларына байқау жарияланғаны туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы шықты. Осы байқауға көптеген талантты ақындар, сазгерлер, суретшілер мен сәулетшілер қатысты, олардың қатарында Ж. Мәлібеков те болды. «Құрмет» орденінің, I дәрежелі «Барыс»» орденінің иегері Жандарбек Мәлібекұлы 1992 жылғы сәуір айының соңында […]

Толығырқ Бүгін – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлының туған күні 1 мин оқу үшін

23 наурыз – Тазару күні

Бұл күн – табиғатпен бірге жаңарып, жан-дүниемізді тазартуға, өткенге есеп беріп, болашаққа нық қадам жасауға үндейтін ерекше мереке. Тазару күні – айналамызды ғана емес, ойымызды да жаңғыртып, жақсылыққа ұмтылудың символы. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әр шаңырақта шаттық пен жылулық орнап, игі істеріңіз еселене берсін!

Толығырқ 23 наурыз – Тазару күні 1 мин оқу үшін

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні

Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің символы. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданатын бұл мереке – халқымыздың бай дәстүрі мен терең тарихының айқын көрінісі. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, молшылық пен ырыс-несібе әкелсін! Осы жарқын мереке әрбір отбасыға амандық, денсаулық, бақ-береке сыйласын. Ел бірлігі нығайып, татулығымыз артып, тәуелсіз еліміздің мерейі үстем […]

Толығырқ 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні 1 мин оқу үшін