Жаңалықтар

Қарағандыдағы семинар мемлекеттік рәміздерге арналды

29 сәуір күні Қарағанды қаласында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттаудың әдістері мен формалары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова, Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Әділхайыр Мырзаханов және Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Cұлтан Оразаев облыстық және өңірлік құрылымдардың қызметкерлеріне мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау қағидаларын жан-жақты түсіндірді.

Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Аймағамбетов мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігін айқындайтынын, ал оларға құрметпен қарау – әрбір азаматтың парызы екенін атап өтті.

Қатысушылар мұндай іс-шаралардың мемлекеттік рәміздерді кеңінен насихаттау және оларды дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастырудағы мән-маңызына баса назар аударды.

Пікір қалдыру