Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталды: «Отан» орденімен Бурмистрова Татьяна Николаевна – «Ұлттық өнер» ЖШС директоры, Алматы қаласы; ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Жүнісова Мақпал Мұхамедьярқызы – «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы» РМҚК солисі, Астана қаласы; ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен Ганцева Марина Юрьевна – Михаил Лермонтов атындағы Ұлттық орыс […]
21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері! Сіздерді 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз ұлт руханиятының дамуына, мәдени мұрамыздың сақталуына және өнердің өркендеуіне зор үлес қосып келеді. Әрбір қойылым, әрбір шығарма, әрбір мәдени бастама арқылы ел жүрегіне жылулық пен шабыт сыйлап келесіздер. Өнер мен мәдениетке […]
Мемлекет басшысы Кения Президенті Уильям Рутоға І дәрежелі «Достық» орденін тапсырды
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жоғары деңгейдегі келіссөздер Қазақстан-Кения қарым-қатынасын одан әрі тереңдетуге, оны жаңа деңгейге шығаруға берік негіз қалағанын айтты. – Қарым-қатынасымызды дамытудағы күш-жігеріңіз ерекше маңызға ие. Сізді Қазақстанда сенімді дос және халықаралық деңгейдегі көрнекті мемлекет қайраткері ретінде таниды. Кенияны экономикалық тұрғыдан өркендетуге, елді жаңғыртуға, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды реформаларыңыз құрметке лайық, – деді Қазақстан […]
Мемлекет басшысы ЮНЕСКО-ның бұрынғы Бас директоры Одрэ Азулені Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Одрэ Азуленің ЮНЕСКО Бас директоры ретінде атқарған қызметіне жоғары баға берді. – Сіздің парасатты әрі мықты басшылығыңызбен ЮНЕСКО диалог пен ынтымақтастық алаңы ретіндегі рөлін арттыра түсті. Жаһанда бағдарсыздық пен қақтығыстар белең алған кезде Сіз білім мен мәдениет бейбітшілікті нығайтатын маңызды құрал екенін ұдайы дәлелдеп келесіз. Еліміздің бай тарихи және мәдени мұраларына назар […]
Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары
Мемлекет басшысы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің интеллектуалдық дамуына серпін беретін маңызды Жарлыққа қол қойды. Құжат кітап оқу мәдениетін нығайтуға, білім мен инновацияны дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қамтиды. Негізгі бағыттар: Бұл бастамалар оқитын, ойлайтын әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға жол ашады. Кітапқа жақын қоғамның келешегі де кемел болмақ!
15 мамыр – Халықаралық отбасы күні
Құрметті отбасылар! Сіздерді 15 мамыр – Халықаралық отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасы – бұл біздің өміріміздің ең маңызды бөлігі, сүйіспеншілік, қолдау және түсіністік ошағы. Әрбір отбасы мүшесінің өзара байланысы мен мейірімі әлемді жақсартуға мүмкіндік береді. Отбасыларыңызда бақыт, денсаулық, тыныштық және қуаныш болсын. Бір-біріңізді қадірлеп, әр сәтті бірге өткізіп, қуанышты сәттерді бөлісуді ұмытпаңыздар! Отбасы күні […]
Мемлекет басшысы Түркия Президентін «Қожа Ахмет Ясауи» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Режеп Тайип Ердоғанды өз халқын алға бастап келе жатқан әлемдік деңгейдегі салиқалы басшы және саясаткер ретінде ерекше құрметтейтінін атап өтті. – Өзіңіздің көреген бастамаңызбен қолға алынған тиімді реформалардың нәтижесінде Түркия тұрақты өсіп-өркендеу жолына түсті, зор табысқа жетті, ықпалды және қуатты держава атанды. Біз түрік ағайынға әрдайым тілекшіміз, бауырлас елдің […]
Қазақстанда үш жаңа мемлекеттік награда енгізіледі
Сенат депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары туралы” заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады. Құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіруге, олардың қоғамдық маңыздылығын арттыруға, наградаларға ұсыну тәртібін жетілдіруге, жаңа мемлекеттік наградаларды енгізуге және осы саладағы заңнаманың жекелеген ережелерін жаңартуға бағытталған. Al-Farabi ордені білім мен ғылымда, мәдениет пен рухани өмір салаларында Қазақстан Республикасына сіңірген зор еңбегі және елеулі жетістіктері […]
12 мамыр – белгілі рәмізтанушы Ербол Шаймерденұлының туған күні
Ақын, жазушы-публицист, рәмізтанушы, мемлекет және қоғам қайраткері Ербол Шаймерден – 1954 жылы 12 мамыр күні Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауылында дүниеге келген. Ол – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, М. Дулатұлы атындағы сыйлықтың лауреаты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін және С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін бітірген. «Солтүстік Қазақстан», «Жас […]
