Мемлекеттік рәміздер күніне орай ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің комитет төрағасы А. Құрманова, «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы А. Ахметбекұлы, басқарма басшысы Г. Аргенова және орталық директорының м.а. Ә. Мырзаханов Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын құттықтады.
Жүздесу барысында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты табысталып, мемлекетіміздің басты нышандарын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі ерекше аталып өтті.
Жандарбек Мәлібекұлына мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
