Президент Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтайда реформалардың табысты жүзеге асырылуына елеулі үлес қосқан бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. «Ұлттық құрылтай ел тарихында қалады. Біз аз ғана уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқардық. Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанның іргесін бірге қаладық. Сіздер еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік және рухани болмысын өзгерту жолында зор еңбек еттіңіздер. Мемлекеттігімізді […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзі
Құрметті қауым! Жаңа ғана сөз сөйлеген Құрылтай мүшелері маңызды ой-пікірлер айтты. Құрылтайдың аясында пайдалы пікір алмасулар болды. Барлығы еліміздің дамуына қажетті боларына сенемін. Бүгін Ұлттық құрылтай жиыны осымен бесінші рет шақырылып отыр. Бұл форумның алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өтті. Екінші жиын түбі бір түркі жұртының қара шаңырағы – Түркістанда болды. Үшінші отырыс бірегей […]
Ұлттық құрылтай – Мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум басталады
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтты. «Осындай тарихи тақырыпқа келгенде тартымды көрнекі, яғни визуалды бейне жасаудан бөлек, алдымен оның ішкі мазмұны, мән-мағынасы терең болуын ойластыру қажет. Сондықтан менің тапсырмаммен мамыр айында Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиум ұйымдастырылады. Іс-шараға әлемнің беделді ғалымдары шақырылады» деді Мемлекет басшысы. […]
Президент мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдаланудың маңызын атап өтті
Қызылордада өткен V Ұлттық құрылтайда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік Тудың дұрыс қолданылуына қатысты мәселелердің арнайы нормалар және ережелер арқылы реттелетінін жеткізді. Оған қоса Заңның мән-мағынасын терең түсіну қажет екенін алға тартты. «Отаншылдық дегеніміз – әрине, Отанға деген сүйіспеншілік деген сөз. Алайда, Отан алдындағы жауапкершілігіңді сезініп, перзенттік парызыңды өтеуге талпынбасаң, «отаншылмын, патриотпын» деген сөзіңнің құны […]
Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды
Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынды ашқан Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың қоғам үшін маңызы зор, тұрақты әрі жүйелі диалог алаңына айналғанын атап өтіп, онда ел […]
Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Кездесуде Қазақстанның Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар. Мемлекет басшысы еліміз жақында Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді. FIS президенті спортқа […]
«Көк Тудың желбірегені» әнінің сөзін жазған белгілі ақын Алмас Ахметбекұлы – 65 жаста!
Алмас Ахметбекұлын көпшілік шығармашылығы халқына кеңінен танымал қазақтың тұлғалы ақыны, әдебиетте лайықты бағасын алған қаламгер ғана емес, ұлт руханиятының дамуы мен өркендеуі жолында еселі еңбек етіп жүрген қайраткер ретінде жақсы біледі. Оның көркемдігі жоғары, шоқтығы биік шығармалары әдебиетіміздің құнды қазынасына айналды. Ол елдік рухты асқақтатқан «Көк Тудың желбірегені» сынды ән-өлеңдерімен, ұлтжанды болмысымен әрдайым елге сыйлы, […]
Мемлекет басшысы конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты. 15 қаңтарға жоспарланған келесі […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақорда резиденциясында АҚШ елшісі Джули Стаффт пен Болгария елшісі Георги Воденскидің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Болгария елшісі арқылы Президент Румен Радевке сәлемін жолдап, оның былтыр елімізге жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынасқа айтарлықтай тың серпін бергенін айтты. – Сіздің еліңізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Саяси, сондай-ақ экономикалық бағыттағы ықпалдастық аясын […]
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: ҚАЗАҚСТАН ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ ҚАДАМ БАСТЫ
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз жыл сайын мерзімді баспасөзге ауқымды сұхбат беру арқылы белгілі бір саяси дәстүр қалыптастырдыңыз деуге болады. Осы орайда, «Turkistan» газетінің ұсынысын қабыл алғаныңыз үшін ризашылығымызды білдіреміз. – «Turkistan» газеті 30 жылдан бері тұрақты шығып келеді. Бұл – Қазақстандағы ең ықпалды басылымның бірі. Газеттің атауында да өте үлкен мән-мағына бар. Басылым тілшілері […]
