Жаңалықтар

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Бұл мереке – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық ойындарымызды дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын көрінісі.
Ұлттық спорт – халқымыздың рухани байлығы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол ұлттың күш-қайратын, ептілігі мен төзімділігін ғана емес, бірлік пен ынтымағын да айқындайды. Бүгінгі күні ұлттық ойындарымызды жаңғыртып, оны кеңінен насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, қажымас қайрат, толағай табыс және спортта жаңа жетістіктер тілейміз! Ұлттық спортымыз дамып, ел абыройы асқақтай берсін!

Пікір қалдыру