


«4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған іс-шараның басты мақсаты – әр түрлі сала мамандары мен жас ғалымдардың басын біріктіру арқылы еркін форматта мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, соның ішінде Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерге қатысты мәселелерді талқылау арқылы жаңа идеялар, пайымды пікірлер алу.
Жиында шақырылған қонақтардың арасынан алғаш болып сөз алған Геральдист Айдын Рысбекұлы «Тарих үнсіз қалғанда таңбалы тас сөйлейтіні белгілі. Әсіресе, өңірлік рәміздерді әзірлегенде таңбаларымыздың сипаты сөйлеп тұруын басты назарда ұстауымыз қажет» – деп жас ғалымдарды еліміз үшін маңызды салада көптеген жұмыстар жасалу қажеттігін жеткізді.
Бүгінгі кездесудің жоспарына сәйкес «Мемлекеттік рәміздерді насихаттаудағы жаңа көзқарастар» мәселесі алғашқы тақырып болды. Жиынға арнайы шақырылғанШайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бөлім басшысы Алма Сайлауқызы: «Қазіргі кезде ақпараттар тасқын сияқты, жан-жақты жылдап тарап отырады. Бұл мәселеде біз қазақилығымызды айшықтайтын ұлттық нақыштағы ою-өрнегімізді пайдаланған дұрыс. Осы арқылы ұлттық брендті қалыптастыруымыз қажет» дегенді алға тартты.
Ал, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты бас сарапшысы Өтеғали Дулат Болатұлы анимациялық фильмдерді түсіруді қолға алу керектігін жеткізді.
Қазакстанның қоғамдық даму институты Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Түсіпбекұлы әрбір мекеменің төсбелгілері жасалу қажеттілігін және халықаралық практика туралы ой қозғады.
Сонымен қатар, «Қазақ геральдикасының перспективалары: тарих немесе модерн», «Мемлекеттік наградаларды жетілдіру жолдары мен ұсыныстар», «Туристік брендинг, place branding, сауда брендингін дамыту» тақырыптары ғалымдар назарына ұсынылды. Келелі ойлар мен сапалы ұсыныстар тыңдалды.
Кездесу барысында айтылған әрбір ұсыныстар назардан тыс қалмайтын болады. Геральдикалық зерттеулер орталығының жұмыс жоспарына тізіліп, алдағы уақытта жұмыстар жасалатын болады.
@aida_balayeva
@almasailaukyzy
@kisi_kz
@kipd.kz
@testcenterkz
@nationalmuseumkz
@astana_it_university
@kilc.college
@tilqazyna
@kalkamansarin_