Бүгін, 5 қыркүйек қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне, сонымен қатар Қазақстан халықтарының тіл мерекесіне орай Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары, Астана қаласы Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясына “Тіл мен рәміз: ұлттық бірлік символы” тақырыбында 10-11 сынып оқушыларына дәріс өткізді. Дәріс соңында, оқушыларға викториналық сұрақтар қойылып, белсене қатысқан оқушыларға – арнайы төсбелгі мен кітаптар таратылды.
Жаңалықтар
Posted in
Тіл мен рәміз: ұлттық бірлік символы

Posted in