Іс - шаралар

«Ұлт патриоты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды

2024 жылғы 19 қаңтар күні Геральдикалық зерттеулер орталығында «Ұлт патриоты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.


Іс-шараның негізгі мақсаты 2024 жылғы 3 қаңтардағы Мемлекет басшысының «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты мақаласы аясындағы патриоттық тәрбиені түсіндіру және іске асыру жөніндегі шаралар туралы.
Бүгінгі дөңгелек үстелге Республикалық «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры – Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің аға оқытушысы, (PhD) философия докторы, Қазақстан Республикасы Сенатының жанындағы Талдау мектебінің түлегі – Нәбиев Саят Талғатұлы, Республикалық «Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты Бақытбек ҚАДЫР қатысты. Жас тұлғалар оқушыларды патриоттыққа шақырып, елін, жерін сүйетін шынайы патриотизмді қалыптастыру қажеттігін айта келіп жас буынға ізгі ниеттерін жеткізді.
Астана қаласы әкімдігінің Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-лицейі және де №73 мектеп-лицейі директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен тәлімгерлері мен оқушылары іс-шараға белсене қатысып ұлттық тәрбие, патриотизм, елдігіміз бен егемендігіміз үшін атқарылуы тиіс бастамаларды ортаға салды.
Шара барысында «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі мен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, геральдика саласын жетілдіру, жастар арасындағы патриотизмді, отансүйгіштікті қалыптастыру мақсатында өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі меморандумға қол қойды.
«Біз геральдика саласын цифрландыру және біріздендірі мәселелерін қолға алу қажет. Бұл ретте бізге тың көзқарас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ халықаралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет» – деп Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Г. Аргенова атап өтті.
Шара соңында Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. А. Омертаева оқушы жастар мен қатысушыларға «Мемлекеттік Ту» бейнеленген төсбелгілерін табыстап, алғысын жеткізді.
@jastar.gzo
@astana_jastary
@bahadur_bakytbek
@nabievsayat
@ftl_73school
@school_gymnasium_52

Пікір қалдыру