Бүгін Ұлттық музейде Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында музейлік сабақ өтті.






🇰🇿Сабақтың мақсаты – ҚР Мемлекеттік рәміздерінің пайда болуын, тарихтағы маңызын талқылап, оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу.
🇰🇿Сабаққа Д.Қонаев атындағы №66 мектеп-лицейінің 4 сынып оқушылары қатысты.
🇰🇿Сабақ барысында балалар рәміздер жайлы жинақтаған деректерін ортаға салып, Отан туралы мақал-мәтелдерді тебірене айтты.
🇰🇿Мерекелік сабақтың қонағы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов мерекемен құттықтап, оқушыларға өзінің жылы лебіздерін білдірді.
🇰🇿Ұлттық музей атынан ұстаздарға Алғыс хат беріліп, балаларға сыйлықтар табысталды. Сабаққа қатысқан оқушылар үлкен әсермен тарқасты.