Іс - шаралар

Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы

Геральдикалық зерттеулер орталығы жанынан құрылған Ғылыми-әдістемелік кеңестің кезекті отырысы өтті.

2022 жылы құрылған Ғылыми-әдістемелік кеңестің бұл 2024 жылғы ІІ тоқсанын қорытындылау отырысы.
Ғылыми-әдістемелік кеңестің негізгі мақсаты – геральдика саласын насихаттау және ғылыми тұрғыдан дұрыс көзқарас қалыптастыру. Кездесуге Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Аргенова Гүлдана Мәлікқызы арнайы қатысты.

Күн тәртібінде тұрған мәселелер бойынша ғалымдар арасында өзара ой-талқы өрбіп, түскен ұсыныстар тыңдалды.

Пікір қалдыру