СФРАГИСТИКА
СФРАГИСТИКА – мөрлерді зерттейтін ғылым (грек тілінен sphragis аударғанда мөртану дегенді білдіреді). СФРАГИСТИКА нумизматика ғылымының бір саласы. ХVII ғасырлардағы мөрлер – мөр иесінің есімі, қала, ауылдікі екендігі көрсетілген.
Сфрагистика ғылымында басылған мөрлерді штамп деп атайды. Мөрлер ойылып немесе қатты материалдардан (ағаш, тас, металл, сүйек) және балауыздан жасалған.
Металдағы таңбалар (алтын, күміс, қалайы, қорғасын) булла деп аталады.
Мөрлер таңбалық, жай, жеке тұлғалық (факсимил) деп бөлінеді. Факсимил – латын тілінен facsimile аударғанда, қалағаныңды сал, – дегенді білдіреді.
Көшпелі өркениеттің көсемдері жылқының, тауешкінің, барыстың бейнесі бар мөрді пайдаланған.
Қазақтың хан, сұлтан мөрлері негізінен «тамшы іспетті» пішінді, жүзік түрінде мөр иесінің әкесі мен атасының аты-жөні және «хан», «сұлтан», «би» атағы көркем нақышталып жазылды.
В.В. Радлов бұл ұғымның мағынасын «белгі», «ру таңбасы», «мөр» деген сөзбен ашқан.
ҚР ОММ қорында сфрагистикалық белгісі бар құжаттармен қоса 98 ескі мөр 29 лауазымдық белгілер сақталған.
Қазақстан сфрагистика саласында жазылған ғалым И. Ерофееваның «Символы казахской государственности» зерттеуінде XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырдағы хандар мен сұлтандардың мөрлерін сипаттап жазған.
Е. Шаймерденов «ҚР Мемлекеттік рәміздері» еңбегінде «тамға» сөзін «мөр» сөзімен байланыстырады. Таңба ұғымы түркі халықтарына ортақ, мысалы; қырғызша, өзбекше, азірбайжанша – таңба, белгі.