Іс - шаралар

Ұлттық валютаның геральдикалық негіздері

Геральдикалық зерттеулер орталығы Евразия ұлттық университеті магистранттары және студенттерімен 15 қараша – Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық валютаның геральдикалық негіздері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталған іс-шара барысында магистранттар валютаға байланысты түрлі презентацияларын ұсынды.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық бірегейлік пен тарихи сабақтастықтың элементі ретінде теңгенің символдық мәнін және геральдикалық элементтерін терең түсіну арқылы валюта дизайнында бейнеленген мәдени және тарихи құндылықтарды көрсету. Тарихи-мәдени сананы насихаттау, ұлттық бірегейлікті нығайту және егемендік рәміздерін құрметтеу бүгінгі күні өзекті.

Пікір қалдыру