«Еңбек ардагері» медалімен (нақты салаға байланыстырмай) 40 жылдан астам, оның ішінде бір салада кемінде 10 жыл жұмыс өтілі бар, сондай-ақ еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлер және зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар марапатталады.

«Еңбек ардагері» медалі диаметрі 34 мм болатын шеңбер нысанындағы жезден жасалады. Реңі жылтырақ, медальдің беткі жағында шеңбердің жоғарғы бөлігінде күн сәулесімен жиектелген шаңырақ орналасқан. Шеңбердің шетінде үстінде «ЕҢБЕК АРДАГЕРІ» деген жазу, астында лавр бұтақтары орналасқан. Медальдің реңі жылтырақ, әріптер мен бейнелер шығыңқы, күңгірттелген.

Медальдің сыртқы жағында ортада «ИГІЛІК АБЫРОЙ ДАҢҚ» деген жазу орналасқан. Медальдің сыртқы беті күңгірттелген. Мәтін шығыңқы жылтырақ.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм көк түсті жолақтары бар сұр түсті қатқыл лентамен қапталған алты бұрышты тағанмен жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.