

«Құрметті машина жасаушы» төсбелгісімен:
1) мінсіз қызметі және кемінде 10 жыл сіңірген еңбегі үшін, машина жасау өнеркәсібінің кәсіпорындарында жаңа техника мен технологияларды жасау мен енгізудегі жетістіктері, еңбекті ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын енгізудегі жетістіктері үшін машина жасау өнеркәсібінің қызметкерлері;
2) машина жасау өнеркәсібін дамытудағы белсенді ынтымақтастығы және жәрдемдескені үшін өнеркәсіптің басқа салаларының қызметкерлері марапатталады.
«Құрметті машина жасаушы» төсбелгiсi диаметрі 33 мм шеңбер нысанында сары түсті металдан дайындалады.
Сыртқы шеңбердің жоғарғы бөлігінде тісті доңғалақ пен лавр бұтағы бейнеленген. Ішінде «ҚҰРМЕТТІ МАШИНА ЖАСАУШЫ» деген жазуы бар көгілдір түсті лента бейнеленген. Белгінің ортасында мұржалары бар зауыттың сұлбасы және станоктың бейнесі.
Төсбелгі құлақша мен екі шығыршық арқылы ені 27 мм және биіктігі 15 мм тікбұрышты тағанмен жалғанады.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.