«Әділет органдары жүйесінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен қызметі бойынша оң мінездемесі бар, өздеріне жүктелген міндеттерін адал және жауапкершілікпен орындайтын, бұл ретте бастамашылық және кәсібилік танытқан, жас мамандарға тәлімгер болып табылатын, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес күнтізбелік есеппен жалпы 15 және одан да көп жыл сіңірген еңбегі бар әділет органдарының қызметкерлері марапатталады.


«Әділет органдары саласының құрметті қызметкері» төсбелгісі шеңбер нысанындағы қондырмасы бар биіктігі 40 мм және ені 40 мм сегіз қырлы нысанда болады.
Төсбелгінің ортасында екі шеңбер бейнеленген, бірінші шеңбердің көгілдір реңінде шаңырақ пен қалықтаған қыран орналасқан. Бірінші шеңбердің сыртында «ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРМЕТТІ ҚЫЗМЕТКЕРІ» деген жазу бар. Төсбелгінің бейнелері мен жазуы алтын түстес. Сегіз қырлы бұрыштың беті көлденең бедерлі жолақ түрінде жасалған.
Төсбелгі үлес салмағы қорғасын сияқты түрлі-түсті металдардың қорытпасынан құю әдісімен жасалады. Белгілерге гальваникалық тәсілмен мынадай металдар: мыс, никель, алтын жалатылады. Белгілердегі логотиптердің элементтері түрлі-түсті эмальдармен құйылады. Төсбелгілердің барлық элементтері көрнекі қабылдаудың сапалы болуы үшін жеткілікті көлемде орындалуға тиіс.
Төсбелгі киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.