Іс-сапар барысында Орталық мамандары Абай облысының әкімдігінде болды. Онда мемлекеттік рәміздердің пайдалану тәртібі, насихатталу жұмыстары жайында жергілікті мамандармен талқыланды. Сондай-ақ әкімдік жанындағы комиссияның жұмысымен де танысты.
Кездесу барысында Абай өңірі бойынша жүргізіліп жатқан мониторинг жұмыстары да айтылды. Ондағы орын алатын олқылықтар жайында Орталық мамандары заң аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы! Оларды дұрыс қолдану – әрбір азаматтың міндеті.
Жаңалықтар
Posted in
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Абай облысында

Posted in