Жаңалықтар

Алматыда мүсінші Ескен Сергебаевтың көрмесі жалғасуда

Алматыда белгілі мүсінші Ескен Сергебаевтың көрмесі өтіп жатыр. Көрменің ашылу салтанатына коллекционерлер, көрме және музей кураторлары, өнер жанашырлары, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткерлері мен Ескен Сергебаевтың өзі қатысты. Бұл жолы көрмеге мүсіншінің жаңа туындылары қойылған.

Айта кетейік, ол Алматыдағы Мұхтар Әуезов, ҚазҰУ қалашығындағы Әл-Фараби ескерткіштерімен танымал.

Көрме 18 сәуірге дейін жалғасын табады.

Пікір қалдыру