Түркістанда Республикалық Ясауитану байқауы өз мәресіне жетті. Байқау жас ұрпаққа Қожа Ахмет Ясауидің шығармалары мен еңбектерін кеңінен насихаттау мақсатында өткізілді. Елдің түкпір-түкпірінен 70 -ке жуық оқушы іріктелген. Қатысушылар «Ясауи мұрасы – балаға аманат», «Білімді мыңды жығар алысқанда», «Ой жүйрік» атты үш кезең бойынша өзара сайысқа түсті. Оқушылар хикметтерді жатқа оқып, ұғымдарды түсіндірді. Сондай-ақ, Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап берді.
