Жаңалықтар

Жеңістің 80 жылдығына арналған коллекциялық монетада Көк тудың элементі бар

Ұлттық банк Жеңістің 80 жылдығына орай “Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар” коллекциясы бойынша монеталар шығармақ.

Монетаның алдыңғы бөлігінде мәңгілік алау бейнелеген. Сонымен қатар «80» санында ою-өрнек жеңіс лентасы бар. Әрі осы лентаны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы элементтерімен үндестіре отырып көркемдегенін де байқауға болады. Ал артқы бөлігінде Елтаңба бейнеленген.

Пікір қалдыру