«Туған жерім менің, Қазақстаным» республикалық әңгімелер байқауына өтінім қабылдау 1-қазанға дейін ұзартылды.
Әңгімелер байқауы көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына және балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан мектептердегі 5-11(12) сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушылар әңгімені өзі туралы қысқаша мәліметпен бірге zhumekenbaiqau@gmail.com поштасына жолдауы қажет. Оған қоса аты-жөні, байланыс телефоны, тұрғылықты мекенжайы көрсетілуі тиіс. Әңгіме көлемі 5 беттен аспауы шарт. Жеңімпаз-жүлдегерлер қараша айында өтетін қорытынды іс-шарада марапатталатын болады.
Жүлде қоры:
1-орын – 70 кітап (бір жүлде)
2-орын – 50 кітап (бір жүлде)
3-орын – 30 кітап (бір жүлде)
5 ынталандыру иегерінің әрқайсына 10 кітаптан беріледі.
