Жаңалықтар

«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

Астанада «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты – шығармашыл тұлғаларды қолдау, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау. 

Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген қатысушы бақ сынады.

Жеңімпаздардарға диплом, естелік сыйлықтар және гүл шоқтары табысталды. Салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасып, Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері өнер көрсетті.

Join the conversation