Жаңалықтар

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні 

Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарын, бай мәдени мұрасын және ата-бабадан аманат болып жеткен салт-дәстүрлерін дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық мәдениет пен дәстүр – ұлттың болмысын айқындайтын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл қазына.

Осы мерейлі күнде баршаңызға зор денсаулық, амандық, шығармашылық табыс тілейміз! Ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз мәңгі жасап, ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығына айнала берсін. Еліміздің рухани байлығы артып, мәдениетіміздің мәртебесі әрдайым биік болсын! 

Пікір қалдыру