Жаңалықтар

21 наурыз – Ынтымақ күні

Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен татулығын, өзара сыйластық пен түсіністікті дәріптейтін ерекше мереке. Ынтымақ пен бірлік бар жерде береке мен тұрақтылықтың орнайтыны анық. Сондықтан да бұл күн – қоғамдағы келісім мен достықтың, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі.

Еліміздің өсіп-өркендеуі, жарқын болашағы – баршамыздың өзара қолдауымыз бен ауызбіршілігімізге тікелей байланысты. Осы ретте әрқайсымыз ел игілігі жолында адал еңбек етіп, бірлігімізді бекемдей берейік.

Пікір қалдыру