Жаңалықтар

Мемлекеттік Ту туралы қызықты деректер

1. Көк түс – түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Көк аспанның шексіздігін білдіреді, сондай-ақ жалпы игілік, тыныштық, бейбітшілік және бірлік символы деп есептеледі.

2. Бүркіттің силуэті тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке ұмтылу идеясынан пайда болды. Оның әр елдің және этникалық топтардың елтаңбалары мен туларында суреттелгені – ертеден келе жатқан дәстүр. Символика тілінде бүркіттің силуэті мемлекеттік билікті, кеңдікті және алғырлықты білдіреді.

3. Мемлекеттік тудың байқауына 1200 шығармашыл тұлға қатысты. 

4. 600-ден астам адам пікір білдіріп, 245 сурет жобасы ұсынылды.

5. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

6. 1994 жылы 1 шілдеде Талғат Мұсабаев тұңғыш рет қазақтың Туын ғарышқа апарды.

7. 2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауына шығып Мак-Кинли шыңында Қазақстан туын орнатты.

8. Қазақстанның туы Батыс Еуропаның ең жоғарғы «Монблан» биігіне (4 810 метр) көтеріліп орнатылды. Азиядағы Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және де бүкіл әлемнің ең биік Эверест шыңында (8 800 м) мемлекеттік Ту желбіреп, мемлекеттік Әнұран шырқалды.

9. 2012 жылы 23 ақпанда қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Американың ең биік шыңына шығып, мемлекеттік Туды орнатты.

10. 2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа сапары кезінде Қазақстанның Туы Жерді 150 рет айналып ұшты.

11. 2015 жылдың 14 сәуірінде қазақстандық шаңғы экспедициясы Қазақстан Республикасының Туын Солтүстік полюс – Арктикада тікті.

(Мағлұматтар ғаламтор беттерінен алынды)

Пікір қалдыру