1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл мереке – еліміздегі татулық пен келісімнің, өзара құрмет пен сенімнің айқын көрінісі. Көпұлтты халқымыздың бірлігі мен ынтымағы – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылықтарының бірі. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, ортақ мақсат жолында еңбек етуде.
Бірлік пен бейбітшілік – еліміздің тұрақты дамуы мен жарқын болашағының кепілі. Сондықтан да біз үшін өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту – әрқашан маңызды.
Осы айтулы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Елімізде әрдайым бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын! Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын!
