Бұл – адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі болған Екінші дүниежүзілік соғыстағы Ұлы Жеңісті еске алатын, ерлік пен батырлықтың, бірлік пен қайсарлықтың символына айналған ерекше күн. Біз осы бейбіт өмір үшін жанын қиған қаһарман батырлардың алдында бас иеміз, ардагерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз.
Жеңіс күні – өткенге тағзым етіп қана қоймай, болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен татулықтың қадірін ұғындыратын маңызды мереке. Батырлардың ерлігі – мәңгілік өнеге, елдігіміздің айғағы.
Жеңіс күні құтты болсын!
