Жаңалықтар

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары тыл ардагері Ғайша Хайруллинаны Жеңіс күнімен құттықтады

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының 97 жастағы тұрғыны, тыл ардагері Ғайша Хайруллинаның шаңырағына арнайы барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Ғайша Минниханқызы сұрапыл соғыс жылдарында тылда еңбек етіп, ауыр жұмыстың бар тауқыметін көтерген тұлға. Ата-анасынан ерте айырылса да, қиындыққа мойымай, маңдай терімен жеңіске өлшеусіз үлес қосқан ардақты ана бүгінде өнегелі ғұмыр кешіп отыр.

Бес перзент тәрбиелеп өсіріп, қазіргі таңда олардан немере-шөбере сүйіп отырған аяулы жанның өмір жолы – кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге. Осындай ардақты жандардың ерлігі мен еңбегі әрдайым құрметке лайық.

Пікір қалдыру