Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Әскери соты департаментінде мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі түсіндірілді

Қазақстан Республикасының Әскери соты департаментінде өңірлік әскери соттардың бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған түсіндіру іс-шарасы өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы, оларды ұлттық стандарттарға сәйкес пайдалану, талапқа сай келмейтін рәміздерді ауыстыру және жою тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жиі жіберетін қателіктер бойынша нақты мысалдар мен кейстер қарастырылды.

Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Әділхайыр Мырзаханов мемлекеттік рәміздерді дұрыс пайдалану және олардың тарихы мен маңызын білу, әсіресе, мемлекеттік қызметшілер үшін маңызды екенін атап өтті.

Өз кезегінде ҚР Әскери соты департаменті басшысының орынбасары Алмаз Жандаулетұлы мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлік пен елдік сананы қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталып, баяндамашыға алғыс білдірді.

Join the conversation