Жаңалықтар

10 тамыз – Абай күні

Абайдың терең ойлары мен тағылымды шығармалары – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық санамыздың темірқазығы. Ұлы ақынның «толық адам» болуға үндеген өнегесі, білім мен ғылымды, еңбек пен адамгершілікті дәріптеген асыл мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де өз мәнін жойған жоқ.

Абай шығармалары елді бірлікке, білімге, ізгілікке, адал еңбекке үндеп, әр адамды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Оның даналығы – уақыт өткен сайын тереңдей түсетін рухани мұра.

Абай күні құтты болсын!

Join the conversation