15 тамыз – қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы, ұлт мақтанышы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Шәмші Қалдаяқов – қазақ ән өнерінің алтын қорына енген 300-ден астам әннің авторы, шығармашылығы халқымыздың рухани мұрасына айналған біртуар сазгер. Оның өміршең туындылары туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген адалдық пен ұлттық рухты асқақтатып келеді.
Шәмші Қалдаяқовтың мол шығармашылық мұрасын қастерлейміз. Ұлт рухын асқақтатқан әндері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгілік жасай бермек.
