С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен семинар өтті.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы және Мемлекеттік Әнұранының құқықтық мәртебесі, оларды пайдалану және орналастыру тәртібі туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерді қолдануға қойылатын негізгі талаптар түсіндіріліп, тәжірибеде кездесетін жағдайлар бойынша мысалдар қарастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін арттыру, оларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және рәміздерді заңнама талаптарына сәйкес пайдалану тәртібін түсіндіру.
Семинар барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

