Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңес отырысы өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жанындағы мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысы өтті.
Отырысты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова жүргізді.
Кеңес отырысында бірқатар жаңа нышан, медаль және ведомстволық награда жобалары қаралды. Атап айтқанда, Ақмола облысының өңірлік нышанының жобасы, Желтоқсан оқиғасының 40 жылдығына арналған медаль, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің жаңа нышаны, «Туған елге қызметі үшін» және «Киберқауіпсіздік саласының үздігі» ведомстволық наградаларының жобалары талқыланды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің 35 жылдығына арналған брендбук жобалары қаралды.
Отырыста ұсынылған жобалар бойынша пікірлер мен ұсыныстар айтылып, оларды жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.