Жаңалықтар

Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне мониторинг жүргізілді                                                  

Астана қаласындағы кеңсе тауарларын сататын сауда орындарында Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бейнеленуі мен пайдаланылуына мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында мемлекеттік рәміздер бейнеленген күнделіктер, дәптерлер, жазу құралдары және өзге де кеңсе тауарлары зерделенді. Мемлекеттік Әнұран мәтінінің дұрыс берілуіне, авторлары туралы мәліметтердің толықтығына және Мемлекеттік Ту бейнесінің белгіленген талаптарға сәйкестігіне назар аударылды.

Анықталған кемшіліктер бойынша сауда орындарының өкілдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік рәміздерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес пайдалану қажеттілігі түсіндірілді. Сонымен қатар анықталған олқылықтарды жою және алдағы уақытта талаптарды сақтау жөнінде өндіруші фирмаларға ресми хаттар жолданды.