Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған кездесулер жалғасуда.
Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен кезекті іс-шара Астана қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясында өтті.
Кездесуде ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи сананы қалыптастыру және жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу жолындағы мемлекеттік рәміздердің рөлі туралы егжей-тегжейлі айтылды.
Іс-шара барысында оқушылармен ашық диалог орнатылып, олардың ой-пікірлері тыңдалды.

