Республика күніне орай №116 мектепте мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Салтанатты шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімімен басталып, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мерекелік бағдарлама аясында оқушылардың қатысуымен концерттік қойылымдар ұсынылды.
Іс-шара барысында Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихы мен оларды пайдалану тәртібі туралы ақпарат берді.
Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы, оларды құрметтеудің жауапкершілігі түсіндірілді.
