Мекеме туралы

«Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мекеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 31 наурыздағы №195 Қаулысымен құрылған.

Орталық жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауын қалыптастыру, ведомстволық және өзге де наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру, мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолдану және насихаттау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Мекемені мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ, оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функциясын жүзеге асыратын орган – «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі болып табылады.

Мекеме 5 бөлімнен құралған: Басшылық, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау бөлімі, Талдау және мониторинг бөлімі, Зерттеу және сараптама бөлімі, Құжаттама және кадр жұмысы бөлімі, Қаржы бөлімі.