Жаңалықтар

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM мектебінде ақпараттық-танымдық семинар өтті

Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандарының кезекті кездесуі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы BINOM SCHOOL мектеп-гимназиясында ұйымдастырылды.

          «Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы аясында өткізілген кездесуде алғаш болып геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов сөз алды. Бүгінгі жүздесудің негізгі мақсатына тоқтала келіп орталықтың қызметінде атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен авторлары жайында да баяндады.

          Өз кезегінде сөз алған  ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімінің бас маманы Сұлтан Оразаев рәміздерді пайдалану тәртібі  және оларға қатысты жауапкершілік түрлерін қатысушыларға жеткізді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында оқушыларға «Қазақ геральдикасы: көне дәуір және бүгін» атты суреттер көрмесі де ұсынылды.

Ақпараттық-танымдық семинар соңында квиз интелектуалдық ойыны ойнатылып, белсенділік танытқан оқушыларға естелік сыйлықтар табысталды.

Пікір қалдыру