Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – Амал мерекесінің тарихи және мәдени маңызын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы ізгілік пен бірлік идеяларын насихаттау.
Амал мерекесі – адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасу арқылы татулықты, бауырмалдықты және өзара құрметті нығайтатын ежелгі дәстүрлердің бірі. Бұл күн ұрпақтар сабақтастығын жалғап, ұлттық бірегейлікті сақтауға қызмет ететін маңызды рухани құндылық ретінде ерекшеленеді.
Іс-шара танымдық кездесу, дәстүрлі рәсімдер таныстырылымы және интерактивті мәдени бағдарлама сипатында өті. Бағдарлама барысында қатысушылар Көрісу күнінің шығу тарихымен танысып, көрісу дәстүрінің тәрбиелік мәнін терең түсінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар қазақ халқының бата беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту, қол алысып көрісу секілді ұлттық салт-дәстүрлері сахналық көріністер арқылы көрсетілді.
Іс-шараға ҚР Ұлттық музейі, «Бозоқ» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі, ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Астана қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ансамблі, Астана қаласы әкімдігіне қарасты «Наз» мемлекеттік би театрының әншілері, сондай-ақ К. Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері қатысты.


