«Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен Қазақстан Республикасының ғарыш саласының қалыптасуы мен дамуына жеке қосқан орасан үлесі үшін, оның ішінде ғарыш кеңістігін зерттеу және пайдалану, ғарыш саласының жобаларын іске асыру, зымыран-ғарыш техникаларын құру мен пайдалану және ғарыш қызметінің басқа да бағыттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ғарыш саласы үшін кәсіби кадрлар даярлау, оның жетістіктерінің тарихын насихаттау бойынша жұмыстарда жоғары жетістіктерге қол жеткізген ғарыш саласының қызметкерлері, Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен мекемелерінде және ғарыш ұйымдарында 10 жылдан кем емес жұмыс (қызмет) өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары марапатталады.
Медальмен Қазақстан Республикасының ғарыш саласын дамытуға, бірлескен ғарыш бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға қомақты үлес қосқаны және белсене қатысқаны үшін, Қазақстан Республикасымен ғарыш қызметі саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының басқа салаларының қызметкерлері және шетел азаматтары да марапатталады.

«Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің диаметрі 32 мм шеңбер нысанында жезден жасалады. Медальдың сыртқы жағында жоғарғы бөлігінде “Шаңырақ” кескінін құрайтын спутниктер орбиталарының айшықты бейнелері орналасқан. Төменгі бөлігінде Қазақстан картасының кескінімен жер шары бейнеленген.
«Қазғарыш» (мемлекеттік тілде), «Қазақстан Республикасы» (мемлекеттік тілде) жазулары айналдыра ойып жазылған және жиектері – шығыңқы. Жазулар жұлдызбен және нүктемен бөлінген.
Медальдың сыртқы жағында ортасында «Ғарыш саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» деген жазу, жиектерінде ұлттық ою-өрнек орналасқан.
Медальдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы. Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 32 мм және биіктігі 50 мм, көк түсті екі жолағы бар көгілдір түсті қатқыл лентамен қапталған алты бұрышты тағанмен жалғанады. Таған жезден жасалған.
Медаль киiмге визорлы бекiткiшi бар түйреуiшпен бекiтiледi.